«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша ЕСЕБІ 2019 жыл
2019 жылдың 10 – шы қаңтарда «Қамқорлық» республикалық акциясы басталып, 10 – шы ақпанға дейін жалғасатын болады. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында өткізілетін іс – шаралар бекітілген жоспар негізінде жүргізіледі. Жоспар бойынша қаңтар айының 10 – ы мен 12 – і аралығында 9 – 10 сынып оқушылары мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға және ата – аналарға акция туралы брошюраларды таратты. Мектептің сайтында акция туралы ақпарат орналастырылды.
Толығырақ: «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша ЕСЕБІ 2019 жыл
Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы
2018 жылдың 30 қаңтар күні Павлодар облысының білім саласын бақылау департаментінің басшысын Е.М.Аязбаевтың қатысуымен мектебіміздің қабырғасында қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған шараға сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ.Билялова, мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңестің мүшелері, С.А. Нургалиев медицина саласының ардагері, БАҚ қызметкерлері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде қамқоршылық кеңес қызметінің І жарты жылдық есебін берілді, сондай – ақ «Мектепке жол» және «Қамқорлық» республикалық акциялары туралы талқыланды. Е.М. Аязбаев қатысушыларға білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің қызметі туралы баяндады.
«Қамқорлық!»
Берсең балаға бер демекші», әркез балаға қуаныш сыйлап, олардың балғын шақтарын шуақты өткізуге қол ұшын беру сіз бен біздің басты парызымыз. Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын табуда. Әлеуметтік бағыттағы бұл бастама ағымдағы жылы «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өткізілуде. Айта кетейік, атаулы акция 2017 жылдың 10 қаңтар айынан 10 ақпанға дейін ұйымдастырылады.
Акция аясында әлеуметтік мәртебесі бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі.
Ауданымыздағы мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің, шаруашылық және т.б. басшыларын жоғарыда аталған балаларға материалдық жағынан көмек немесе демеушілік қолдау көрсетем деген азаматтардың барлығы акция шеңберінде өз үлестерін қоса алады.
Айта кету керек, балалардың пайдалануға жарайтын киім – кешектері, ойыншықтары, мектеп құралдары, тәтті сыйлықтар қабылданып, мұқтаж балаларға таратылады.
Жаны жомарт, қайырымы мол азаматтар, біздің балаларымыздың бақытты және жарқын болашағы үшін өз үлестеріңізді қосатыңызға сенеміз!
Қамқорлық айлығы
2014 жылғы 10-қаңтардан 10-ақпан аралығында
жаппай оқыту айлығын өткізу жоспары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан- 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі
жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында 2014 жылғы 10- қаңтардан 10 - ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы Республикалық акциясының басталуы туралы хабарлайды. Балалар - еліміздің болашағы, және оның қандай болары Қазақстан Республикасының әрбір азаматына маңызды болуы керек. Акция азқамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған. Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің әкімшілігі мен ұжымы «Қамқорлық» Республикалық акциясына қатысуларыңызды сұрайды. Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтау, азқамтылған және көпбалалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға, ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу. Көмекті киіммен, оқушы құрал жабдықтарымен және т.б. көрсетулеріне болады.