Кіру

Қамқорлық айлығы

2014 жылғы 10-қаңтардан 10-ақпан аралығында

 жаппай оқыту айлығын өткізу жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан- 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі

жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында 2014 жылғы 10- қаңтардан 10 - ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі жыл сайынғы Республикалық акциясының басталуы туралы хабарлайдыБалалар - еліміздің болашағы, және оның қандай болары Қазақстан Республикасының әрбір азаматына маңызды болуы керек. Акция азқамтылған отбасы оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған. Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің әкімшілігі мен ұжымы «Қамқорлық»  Республикалық акциясына қатысуларыңызды сұрайды. Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтау, азқамтылған және көпбалалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға, ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу. Көмекті киіммен, оқушы құрал жабдықтарымен және т.б. көрсетулеріне болады.