Кіру

АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ

«Сенім 111» 

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Я. Балиеваның өтініші негізінде, «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференция шеңберінде  2017 жылдың 24 қараша күні мектебімізде 1 – 11 сынып оқушылары арасында «Сенім 111» атты бүкіл қазақстандық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – 111 Ұлттық сенім телефонының жұмысын танытуды, сондай – ақ шұғыл консультативтік, психологиялық, заң көмегімен көрсететін сенім телефонына балалар мен жасөспірімдер арасында сенімділік деңгейін жоғарылатуына бағытталған еді. Сабақ барысында оқушылар тәуліктік 111 сенім телефонының құрылуы мен жұмысы туралы білді. Сонымен қатар оқушылардың құқықтары бұзылған немесе шектелген жағдайда жоғары аталған телефон бойынша хабарлауға болатыны жайлы айтылды. Оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.

               437       438       

Мектептің бірінші қабатында «Сен жалғыз емессің!» атты стенд құрылды. Онда 111 Ұлттық сенім телефоны бойынша ақпарат жиналды. Мектеп психологы Н.Ж. Шугаипованың ұйымдастыруымен 9 – 11 сынып оқушыларымен тренингттер өткізілді. Барлық оқушылар белсенді қатысып, жағымды эмоция алды.

Қосымша ақпараттарды ашып қараңыз:

2016-17 оқу жылының жазғы демалыс қауіпсіздігі

 

 

 

СІЗДІҢ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ:

  • Жасөспірімдік кезең қобалжу мен өзінің түр-тұлғасына көңілі толмау сияқты фактілермен сипатталады.
  • 11-12 жастағы қыз балалардың 20%-ы, ер балалардың 30%-ы өзінің бойына байланысты қобалжуды бастан кешіреді.
  • 11-12 жастағы қыз балалардың 60%-ы артық салмақ бойынша мазасызданады.
  • Физиологиялары ерте жетілген ұлдар мен қыздар балалар арасында жоғары әлеуметтік статусқа /мәртебе/ ие болады.
  • Физиологиялық жағынан кеш дамыған қыз балалардың өзін –өзі бағалауы төмен, олар социометриялық зерттеулер нәтижесі бойынша оқшауланған балалар тобына жатады.
  • Статистика мәліметі бойынша 11 жастағы қыз балалардың 60%-ы ғашық болу сезімін бастан кешіреді, ал ер балаларда 13 жастан басталады.
  • Бұл уақытта көбіне қыздар тәуелсіз болуға ұмтылады. 11 жастан бастап шиеленістер басталады.
  • Осы кезеңде балалар көбіне ата- аналарынан оқшауланып, достарын артық санайды.
  • Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
  • Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
  • Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
  • Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
  • Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
  • Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.

АТА-АНАЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

üБала тәрбиесінің негізі ата-анада жатқанын естен шығармау.

üМектеппен және білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау.

üБалалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

üБаланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.

üМектепте сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушыны оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескеру.

üОқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақтылы балаларын үйден шығарып салу.

üЖыл мезгілдерінің ауа-райына байланысты киімдерін қадағалау.

üҮйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау.

üКөше ережелерін сақтауын  еске салып тұру.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

 4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

 6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

                                        1. Сынып жетекшісі;

                                        2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

                                        3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

                                        4. Әлеуметтік педагог;

                                        5. Мектеп басшысы. 

 

 

Көктем демалыс кезінде өткізілетін  іс-шаралар жоспары

 

2016-2017 оқу жылы

Іс-шаралар

күні

Өткізілетін мерзімі

Сынып

Жауаптылар

1

Баскетбол

24.03.2017

10:00-12:00

5-7

Шамшиева А.М

2

Интернет кафе

24.03.2017

14:00-16:00

3-6

Түгелбай Ж

3

Волейбол

25.03.2017

11:00-13:00

8-11

Ахметов М.Т

4

Үстел теннис

25.03.2017

14:00-16:00

5-11

Шарапитов Н.Ж

5

Коньки, шаңғымен сырғанау

26.03.2017

11:00-13:00

1-4

Жакенов С.А

6

Интернет кафе

26.03.2017

14:00-16:00

7-10

Түгелбай Ж

7

Мерген

27.03.2017

10:00-12:00

9-11

Адыльбаев С.А

8

Кәсіптік қалау (тест)

27.03.2017

14:00-15:00

9

Шугаипова Н.Ж

9

Дойбы ойыны

28.03.2017

11:00-12:00

3-5

Рыспеков С.Қ

10

«Ұлан» оқушылар ұйымының отырысы

28.03.2017

14:00-16:00

5-10

Саганаева А.С