Кіру

16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңына орай «Тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі»атты айлық ұйымдастырылып өткізілді. 

16

 

Арнайы құрылған жоспар мынадай іс-шараларды қамтыды: «Тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі» атты сынып бұрыштар рәсімделді. «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты қабырға газеттердің сайысы ұйымдастырылды.

6-10 сынып аралығында «»«Егеменді  еліміздің  мәртебесі  арта берсін!» атты дөңгелек үстел өткізілді, 5-9 сыныптар аралығында «Қазақстан, Жастар, Болашақ» спорт ойындар ұйымдастырылды.

1-4 сыныптарға «Елімнің ертеңі - нұрлы», 5-8 сыныптарға «Тәуелсіздік тұғырым – менің мақтанышым», 9-11 «Мәңгілік мұратымыз – тәуелсіздік!» атты сынып сағаттары өткізілді.

14 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» мерекелік қорытынды концерт ұйымдастырылды. Концертке мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты. Қорытынды мерекелік концертті құттықтау сөзбен мектеп директоры Ж.Қ. Билялова бастады.

1-11 сынып оқушылары тәуелсіздікке байланысты нөмірлерін дайындап, көрсетті.