Кіру

1- желтоқсан Президент күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің тәуелсіз ел атанып, бүгінгедей әлем таныған мемлекеттердің қатарына қосылуында жасаған еңбегі өлшеусіз. Мұны өз елі мен Елбасын сүйген әрбір адам құптайды.

 

13

Ал оның өнегелі тұлғасының мәңгілік тарих бетінен өшпей, жас ұрпаққа  үлгі болуы бүгінгі тарихты жасаушыларға, соның ішінде  ұстаздар қауымына байланысты.

2013 жылғы 13 қараша күні сынып жетекшілер әр сыныпта сынып бұрышын президентке арнап ұйымдастырды

13-30 қараша аралығында президент туралы көркем фильмді 2-10 сыныптар сынып жетекшілерімен бірге қаралды.

2013 жылғы 14 қараша күні «Менің Елбасым» атты 5-10 сыныптар аралығында шығарма сайысы өткізілді. Ең үздік шығарманы Ерболқызы Әйзере жазды. 6 «ә» сынып оқушысы Шаикова Анель «Менің Елбасым» атты шығарма жазып аудандық конкурста ІІІ орынға ие болды.

 15 қараша күні 1-11 сыныптарда жаппай саяси сағат өткізілді.

 19 қарашада«Тұңғыш Президентке арнау»5-10 сынып аралығында жазғызылды. Ең үздік арнауды 6 «ә» сынып оқушысы Садриден Әмина, және 8 «ә» сынып оқушылары Мендрышора Дария, Мендрышора Дания жазды.

2013 жылғы 20 қараша күні 7-10 сынып аралығында «Тәуелсіз елдің тірегі-елбасы» атты оқушылар эссе жазды. Ең үздік эссе 6 «а» сынып оқушысы Сапан Сәттігүл  жазды.

22 қараша күні «Елім менің аңсаған» атты әндр байқауы өткізілді. Сайыстың жеңімпазы Габдулина Гүлдана шықты.

1-6 сынып аралығында 25 қараша күні «Менің Отаным Қазақстан» сурет көрмесі өткізілді. Ең әдемі, жақсы сурет 4 «ә» сынып оқушысы Тоендыков Нурболат салып, марапатталды.

26 қарашада «Ғасырдың ғажап азаматы» мектепішілік альбомдар сайысы өтті.

Сайыстың нәтижесінде ең үздік мәні көп альбом 6 «а» және 6 «ә» сынып оқушылары жасады.

 30 қараша күні «Елін сүйген Елаға, Нұр сыйлаған халқына» атты мерекелік концерт өткізілді.

  Қорытынды кешін мектеп директоры құттықтау сөзбен бастады. Тарих пәннің мұғалімі Құсайын Қ.С және жас мамандар Батыргужинова Д.Ж мен Муханова А.А баяндамаларын оқыды.

Айлық іс шаралар жоспарында белсенді қатысқан  оқушылардың ең үздік жұмыстары марпатталды.

Мектеп оқушылары патриоттық әндерді шырқап, Президент туралы тақпақтарды  жатқа айтты.

«Әдемі» би тобы, мың бұралып би биледі.