Кіру

Соңғы қоңырау

25  мамыр  «Сыңғырла  соңғы  қоңырау»  мерекесінің  басталуы Қазақстан Республикасының  әнұранымен  басталды. 2012 – 2013 оқу жылын тек қана «5» деген бағаға аяқтаған 57 үздік оқушылар сапын  «Алтын белгіге» үміткер, 11 - сынып оқушысы Еркежан Мұқатай бастайды.

51   50

 

 Келесі кезекте облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық, интеллектуалдық, спорт сайыстарында жүлделі орындарға ие болған, мектебіміздің намысын қорғаған жұлдыздарымызды қарсы алайық! Мектеп жұлдыздарынан құрылған сапты спорт және шығармашылық сайыстар үздіктері 11 – сынып оқушылары Жанаталяп Қуаныш пен Бахитова Дина бастады. Мектептің  арнайы  қонағы  Качир ауданының әкімі Күлжан Н.М, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Р.Садуақасова, педагогика саласының ардагерлері және қонақтар қатысты. Түлектерге, аудан әкімі, мектеп  директоры  Жайнат Қалиқайдарқызы Билялова  мектептің  түлектерін, ардагерлерді,  мектеп  ұжымын  25  мамыр  мерекесімен  құттықтап, биылғы  түлектер Павлодар облысының 75 жылдық, Качир ауданының 85 жылдық мерейтойларымен тұспа тұс келуімен құттықтады.

   1-сынып  оқушылары  ортаға  шығып,  мектеп  түлектеріне  арналған  өз  өлеңдерін  оқыды.   Ата-аналар  атынан   Жүнісов Жұмай  мектеп  мұғалімдеріне  ризашылығын  білдіре  келе, түлектерге алдағы  үлкен  сын  ҰБТ-ны  ойдағыдай  тапсыруларына  сәттілік  тіледі. Соңғы қоңырау соғу құрметі  

11 - сынып түлектері мен 1-сыныптың үздіктері Кәрбозов Әділет пен  Назымбекова Анельге беріледі!