Кіру

Оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу

Қазіргі мектеп мұғалімдері алдындағы басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Білім беруде оқытудың жаңа тәсілдерін әр маман жетік меңгермейінше сауатты, жан-жақты дамыған оқушыны қалыптастыру мүмкін емес. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қай заманда, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы мектептегі ұстаздан басталары анық. Қазіргі кездегі білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңаша білім берудің түп қазығы  сындарлы оқыту теориясына негізделген.  Кембридж университеті тәсілі бойынша 7 модуль негізінде жаңаша сапалы білім беруге көшуде.

2930

Ауданымыздан да осы бағдарлама бойынша 1-деңгейді меңгеріп оқып келген ұстаздар білім саласына үлкен өзгеріс әкелуде.  Олардың ұйымдастыруымен түрлі семинарлар өткізіліп, жеті модуль практикасы кең насихатталуда.Жақында №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Оқыту мен оқу тәжірибесіне  жаңа   тәсілдерді  енгізу» тақырыбында аудандық коучинг семинар өткізілді.

Семинарды  аудандық білім бөлімінің әдіскері Алтын Дүкенбайқыз, мен 1-деңгей бағдарламасы бойынша оқып келген ұстаз Гульмай Оналханқызы   ұйымдастырды.

Аудандық коучинг семинарға мектеп директорының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері және әдіскерлер қатысты. Коуч міндетін атқарған Г.Оналханқызы семинарда деңгейлік бағдарламалардың мақсат  міндеттеріне  жекелей  тоқтап кеңінен түсінік  берді. «Оқуды бағалау  мен  оқытуды  бағалау» модулі бойынша практикалық жұмыс жасату арқылы тыңдаушы біздерге  терең  мағұлмат  бере  білді. Коучинг барысында ұстаздар тыңдаушы  рөлінде  топқа  бөлініп диалогтық қарым –қатынасқа  түсті. Оқушыларды  бағалау критерилерін құрастыруға  нұсқау жасап, тиімді бағыт-бағдар көрсеткені  қатысушыларға  үлкен жаңалық  болды. Қатысушы мұғалімдерге ситуациялық жағдаяттар ұсына отырып әр топ өз пікірлерін  ортаға  салды. Г.Оналханқызының өткізген кочинг семинары  мұғалімдерге әдістемелік көмек пен қатар оқыту мен оқу тәжірибесіне  жаңа   тәсілдерді  енгізудегі тиімді қадам бола  алды.  Тәжірибе  алмасуда мұндай семинарлардың  тиімділігі мен  қажеттілігі зор  екенін  ескере  отырып,  алдағы  уақытта  осындай семинарлардың  жиі  болуына ұсыныс  жасалынды.

Қ.Оспанова  атындағы №3 жалпы білім  беретін

  орта  мектебінің бастауыш  сыныптарының

 әдістемелік  жетекшісі Нургалиева А.С