Кіру

7 мамыр Отан қорғаушылдар күні

Мамырдың 5- і күні Отан Қорғаушылар күніне орай мектепішілк саптық әндер байқауы болып өтті.  Аталмыш шара  2 топтан яғни орта буын 5 – 7 сыныптар, жоғары буын 8 – 10 сыныптар. Байқау шарты бойынша саптық жүріс, киім үлгісі, саптық ән бағаланды. Бұл шара биыл мектебімізде 9 - шы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Мақсаты  – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

83 82

Қазылар алқасының шешімімен орта буын бойынша І орын 5 – сынып, ІІ орын 6 «ә», ІІІ орын   7 «а» сынып иеленсе, жоғары буын бойынша  І орын 9 «ә», ІІ орын 10 «а», ІІІ орын  9« а» иеленіп арнайы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.