Кіру

"Жасыл ел" мектеп жанындағы көгалдандыру лагері

«Жасыл ел» жасағында біздің мектептен 15 оқушы жұмыспен қамтылды.

Мектеп ауласын тазалау жұмыстарына мектеп оқушылары тегіс қатысып, зор үлестерін қосты. Көктемде 102 түп шырша отырғызылды, мамыр айынан әр сыныпқа жеке жер телімдері бөлініп  беріліп көптеген гүлдер: лилия, петуния, әр түрлі астра, майор, анютины глазки тағы басқалар  отырғызылды.

 103

Әр күні бекітілген кесте бойынша 5-10 сынып оқушылары  мектеп ауласындағы гүлзарларды суарып, арам шөптерін тазартты. Жазғы уақыттағы гүлзарларды суару жұмыстарын мектептің биология, технология пән мұғалімдері қадағалап, оқушылармен бірге әсемдеу жұмыстарын жасады.