Кіру

Қазақ хандығының 550 жылдығына

Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білімі беретін орта мектебінің кітапханасында өткізілген «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған іс-шара .

Мақсаты:Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.

2015 жылдың қазан айының 9 жұлдызында Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білімі беретін орта мектебінің мәжіліс залында мектеп кітапханасы мен аудандық балалар кітапханасы бірігіп «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Дала тарихының дауылпазы» атты оқушылар арасында тәрбие сағаты өткізілді. Қатысқан 5-8 сынып аралығындағы оқушылар. Осы іс-шараның жүргізушілері 8 сынып оқушылары Ромазанова Айгерім және Сапан Сәттүгүл. Осы іс-шараларымыздың Ақ сүйектің басшысы – Бариева Үкіжан , Керей ханның рөліне енген Ахмедиянов Әділбек және Жәнібек хан рөлінде Тағыбай Талғат өздеріне берілген міндеттерін жақсы орындап, хандарға арналған өлең шумақтарын оқып шығып, көрерменнің көз айыбына түсті. 

200    201     203

Қазақ халқы хандарының мықты қолбасшы рөлінде 5 сынып оқушылары Бекенова Д., Сағындық А. Және Аятова А. өздерінің рөлдерін жақсы атқарып шықты. Кеш аяғы концерттік бағдарламамен аяқталды.