Кіру

Жол қозғалысының жас инспекторлары

Жолда жарақат алу - әлемнің барлық елдердің адамдарын толғандыратын мәселе. Адамдар автомобилизацияға өз өмірлерімен құн төлейді. Осындай жағдайда автокөлік жүргізушінің де, жүргіншінің де тәртіп бұзуына байланысты адамдарға қауіп туғызады. Егерде мектептің басты міндеттерінің бірі баланы қоғамдағы өмірге үйрету болса, онда жол жүру әліппесіне үйрету міндетті түрде үйрету болып табылады. Осындай мақсатпен сәуірдің 26- сы күні Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беретін орта мектебінде «Жол қозғалысының жас инспекторлары» сайысы өтті. Байқау жеті бағыт бойынша өтті: саптық байқау, жол қозғалысы ережесінің білгірлері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, эрудиттер турнирі, үгіт бригадаларының сайысы. Жалпы қорытынды бойынша біздің мектеп Саптық әндер байқауынан 2 орын, Жас реттеуші сайысынан 3 орынды иеленді. Алда осындай жарыстарға оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

310