Кіру

Алғыс күні

2016 жылы 1 наурыз - Қазақстан Республикамызда жаңадан бекітілген Алғыс күні деп жарияланды. Соған сәйкес мектебімізде жоспарға сай іс- шаралар өткізілді.

323 324 326  327


«Мені Қазақстанға әкелген жол» тақырыбында тарих мұғалімі Рахимжанова А.Ж. мәжіліс залында 5-11 сыныптарға және мұғалімдерге арналған «Жерұйық» деректі фильмін көрсетті. Фильмді көргеннен кейін талдау жасалынды. Оқушыларға жалпы баяндама бойынша мұғалім Алғыс күннің мағынасын түсіндірді. Оқушылар керекті сұрақтарға жауап алды. Концерттік бағдарлама бойынша Мендрышора Дария, Мендрышора Дания, Флегонтов Руслан, Пичугина Валерия өз шығармашылық өнерлерді балаларға ұсынды. Бағдарламада тақпақ та, өлен де және ән де болды. Кітапханашы Мукушева Л.С. «Қазақ еліме тағзым» тақырыбында көрме ұйымдастырды. «Ата-анам – алтын тұғырым» тақырыбы бойынша 5-9 сыныптар арасында Ж.Ж.Алтаева, С.К.Мухаметкалиева және Д.К. Баймуханова шығарма сайысын ұйымдастырды. Мектеп психологы Н.Ж. Шугаипова «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?» тақырыбы бойынша 1-11 сынып арасында «Тілек гирляндасы» жасалынды. Барлық сынып бойынша «Алғыс ату парызым» деген тақырып бойынша сынып сағаттары өткізілді.