Кіру

Кәсіптік бағдар беру мақсатында өткізілген іс - шара

2017 жылдың 3 қараша күні Качир ауданының №1,2,3 орта мектептерінің оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Береговой ауылының кәсіпорындарына экскурсияға барды. Онда олар «Щербак» ЖК барып, күнбағыс өндіру және күнбағыс майының жасалыну технологиясымен танысты. Оқушылар күнбағыс өндіретін құрал жабдықтарды  қарап шықты.

                           426                 427                                                                                                                             

Кейін олар «Шаров» ЖК мал кешеніне барып, оны қалай өсіріп, тамақтандыратынымен танысты. Экскурсия Качир сүт өндіру зауытына барумен аяқталды. Онда сүт және ірімшік өндіру технологиясымен танысты. Оқушыларға экскурсия ұнады, ал негізгісі бұл экскурсия пайдалы болды, өйткені бұл балалар мектепті бітіріп, мамандық таңдау алдында болады, ал жүргізілген экскурсия мамандық таңдауда көмектеседі.