Кіру

«Ұлы Дала Елі» атты сайыс

2017 жылдың 27 қараша күні Қ. Оспанова атындағы №3 орта мектебінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күні аясында ауданның үш мектебі үшін «Ұлы Дала Елі» атты сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жастардың патриоттық сезімдерін арттыру. Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасы ретінде Ш. Тыналинова, В. Воробьева – ауданымыздың педагогика саласының ардагерлері және А. Мемекенова – Оқушылар үйінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі тағайындалды. Жалпы сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында өздерін таныстыру болды. Регламент 5 – 6 минут еді. Екінші кезең  «Сұрақ - жауап». Үшінші кезең – «Қазақстан жастар көзімен» тақырыбында плакаттар сайысы өтті. Барлық мектептер белсенді қатысып, өздерінің шешендік, хореографиялық, вокал өнерлерімен сайыстың қонақтарын таң қалдырды. Әділқазы алқасы мүшелерінің шешімі бойынша, жүлделі 1 орынға – Қ. Оспанова атындағы Качир №3 ОМ, 2 орынға – А. Текенов атындағы Качир №2 ОМ, 3 орынды – А. Елгин атындағы Качир №1 ОМ иеленді. Сайысқа қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.