Кіру

«Болашаққа бағдар» атты көрсетілген фильм

Білім беру басқармасы 2017 жылғы 17 тамыздағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҰК- ның № 17-32-5.26 хаттамасы 1 тармағының 1.1 тармақшасын орындау мақсатында мектебіміздің мәжіліс залында мектеп ұжымы мен 5 – 11 сынып оқушылары үшін «Болашаққа бағдар» атты фильмі көрсетілді.
«Болашаққа бағдар» атты фильмінің жалпы мазмұны Кеңес үкіметінен бөлініп шыққан ТМД елдерінің ХІХ ғасырға дейін жеткен белестерін айшықтап береді. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері 26 жыл өтті, соның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің басшылығымен мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне кірді, аймақтық көшбасшы болып, экономикасы күшті және қоғамы тұрақты мемлекет болды. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Фильм ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. EXPO-2017 көрмесін өткізіп, аталған халықаралық шараны абыроймен атқарып шыққандығы жайлы, ең бастысы үшінші жаңғыру – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру – келешек ұрпақтың қолында екендігін ашып берді.