Кіру

«Афганский ветер» атты ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу

2018 жылдың 15 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде «Афганский ветер» атты ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың бойына Отанымызға, Туған жерімізге, елімізге деген патриоттық сезімдерін дарыту еді. Кездесуде мәдениет үйінің әншілері өздерінің өнерлерімен оқушыларды және қонақтарды таң қалдырды. Серік Шаймарданұлы ауған соғысының қатысушысы оқушыларға қатыгез соғыс жылдары туралы баяндап, елімізде, жерімізде, бүкіл әлемде әрқашанда бейбітшілік болсын деп айтты.

 

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Д. Баймуханова кездесуге қатысқан қонақтарға өзінің жылы лебізін білдіріп, ардагерлерімізге жеріміздегі бейбіт өмір үшін, сонымен қатар кездесуді ұйымдастырушы мәдениет үйіне алғысын білдірді. Кейін кездесуіміз естелік фотосуретке түсумен аяқталды.