Кіру

11 қазан халықаралық қыздар күніне арналған Тереңкөл ауданының орталық аурухана педиатрымен кездесу

          4284-13 қазан аралығында Республикамызда қыздар декадасына арналған, ООН Ассамблеясы ұйымдастыруымен, халықаралық қыздар күні аталып өтуде. Осыған орай Қ.Оспанова атындағы ЖОББМ 2018 ж қазанның 11-і қыздар күніне арналған кездесу өтті. Кездесуге мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Тереңкөл ауылы орталық ауруханасының педиатрі Совет Жанна Советовна келді. Кездесуге 8-11 сынып қыздары қатысты.

  Декаданың мақсаты:   Қыздар құқығын қорғау, арнайы білім алып, медициналық көмек алу, дискриминациядан қорғану, зорлық пен ертелі, мәжбүрлі некеден сақтану.Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу.

   Жанна Советовна қыздарға жеке бас гигиенасы туралы, тырнақ, шаш, бет күтімі туралы, косметиканың ерте жаста пайдаланған жағдайдағы зияны, қыздардың ерте жетілуі туралы, денсаулықтарында бір кінәрат туындаса, сол кезде не істеу керектігі туралы айтты. Сонымен қатар қыздарға етеккір, оның қай жастан бастап келетінін, келген кезде анасы жауап бере алмайтын сұрақтарды айтып кетті. Ерте жастан жүкті болған жағдайлар, оның салдары туралы айтып өтті. Дәрігер қыздардың сұрақтарына жауап беріп, кездесу соңында Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Асылгожина И.Е. Совет Ж.С.-ға оқушыларға пайдалы кеңес берген үшін алғысын білдірді.