Кіру

«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында жүргізілген жұмыстар бойынша ЕСЕБІ 2019 жыл

2019 жылдың 10 – шы қаңтарда «Қамқорлық» республикалық акциясы басталып, 10 – шы ақпанға дейін жалғасатын болады. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында өткізілетін іс – шаралар бекітілген жоспар негізінде жүргізіледі. Жоспар бойынша қаңтар айының  10 – ы мен 12 – і аралығында 9 – 10 сынып оқушылары мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға және ата – аналарға акция туралы брошюраларды таратты. Мектептің сайтында акция туралы ақпарат орналастырылды.


«Қамқорлық» республикалық акциясы аясында 5 ә сынып оқушысы (аз қамтылған отбасы) Мундуинова Мадина спорттық киім және Кендебай Диасқа (аз қамтылған отбасы) спорттық киім, 8 ә сынып оқушысы Салыкова Айнурға (аз қамтылған отбасы) қысқы күртеше ретінде көмек көрсетілді.
Акция аясында келесідей іс-шаралар өткізіледі: 1) тұрмысы төмен отбасыларды, қараусыз және бақылаусыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 2) аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар; 3) мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерінен және демеушілерден тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуге шақыру.