Кіру

Заманауи білім беру үрдісі

 

    

460

Біздің ауданға 5 сәуір күні Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ат басын тіреді. Сапар барысында ауданымыздың бірқатар білім ордаларын аралап, өңіріміздің білім ошақтарының басшылары мен ұстаздар қауымымен кездесті.  Қ.Оспанова атындағы № 3 орта мектебіне барып, ІТ сыныбының жалпы жұмысын бағалап, бағдарламалау мен робот техникасын тереңдетіп оқытудың маңыздылығын атап өтті. Ұстаздар қауымымен тілдесу кезінде сынып журналын толтыруда сандық технологиялардың артықшылықтарына тоқталды. Аудандағы білім ошақтарын аралаған министр облысымыздағы білім беру мекемелерінің деңгейіне оң бағасын берді.