Кіру

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық

 

макатаев

 

Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай  ақпан айының 12 жұлдызында 6-11-сынып оқушыларының қатысуымен, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі С.К. Мухаметкалиеваның ұйымдастыруымен «Ақиық ақын Мұқағали» атты әдеби-сазды іс-шара өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың туындыларын оқушылар жүрегіне ұялату, насихаттау.

         Қазақ поэзиясында қайталанбас сөз зергерінің бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратпен 6-сынып оқушылары -  Арыстанбекова Гүлсана, Абылайхан Қарлығаш, Ахметова Ақжан, Кәкім Адия, Түгелбай Жұлдыз  таныстырса, 7-11-сынып оқушылары - Асылбек Әсел, Секенова Ажар, Жакиева Ақжүніс, Тыналинова Жансая, Бари Анель – ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Мұқағали Мақатаевтың сөздеріне жазылған әндер тыңдалды.

Zoom парақша  1

Zoom парақша  2

 Zoom парақша 3