Кіру

Асхана

асхана 1асхана 2

Қ.Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебі

Оқушылардың тамақтануы туралы

АҚПАРАТ

Мектебімізде 2021 жылдың 3 наурызынан бастап асхана жұмысын бастап, оқушылар тамақтана бастады. 1-4 сыныпта жалпы 144 оқушы оның 124 облыс бюджетінен тегін тамақтанса, 18 оқушы жаппай оқыту қорынан тамақтанады, ал 2 мәртебесі бар оқушы қашықтықтан оқуына байланысты тамақтанбайды. 0,5,9,11 сынып оқушылары арасынан жаппай оқыту қорынан 9 оқушы тегін тамақтанады.

Асханаға оқушылардың тамақтануға баратын уақытының кестесі құрылған, сынып жетекшілер танысты. Асхананың ішіндегі үстелдер мен орындықтар санитарлық талапқа сай орналастырылып, белгілер қойылды. Әр үстелдің арақашықтығы 2 метрден қойылған. Асханаға кірер кезде қол жуатын раковина, сабын, антисептик, аяқпен басатын қоқыс шелегі, электрорамал бар.

Білім беру бөлімімен бекітілген ас мәзіріне сай ас дайындалып, беріледі. Күнделікті медбике тексеріп отырады. Кезекшілер асханадағы кезекшіліктерін атқарады.

Әлеуметтік педагог Шаймарданова Б.А.