Кіру

Қ.Оспанова туған күні

 

 Өлмейтұғын артына із қалдырған .....

Жақсы ісі – көпке үлгі 

 

Білімнің сара жолы мектептен бастау алады. Мектеп – білім ордасы болса, ұстаз – сол мектептің жүрегі.

9

 

Мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын «Ұстаз» есімі, шәкірттерін адамгершілікке баулыған мұғалім бейнесі әркімнің көңіл төрінде орын алады. Өзін шәкіртпін деп есептейтін әрбір адамның ұстазға деген құрметі ешқашан таусылмақ емес. Осынау адам баласы үшін қастерлі жанның еңбегі қашанда лайықты бағалануы  тиіс.

 

Шәкірттеріне ұлағат та, үлгі бола білген, жас ұрпақтың жан дүниесін ізгілік нұрының шуағына бөлеген, ел құрметіне бөленген аса қадірлі ұстаз Қатша Оспанқызы Оспанованың есімі Қашыр ауданы Тереңкөл ауылындағы жалпы орта білім беретін №3 қазақ мектебіне берілді. Бұл қажырлы ұстаз еңбегінің еленуі, ардақты ұстаз қызметінің бағалануы еді. Қатша Оспанқызы көп жылдар бойы бұл мектепте еңбек етіп, шәкірттерін физика, математика ғылымына бойландырған, оқушыларына ұстаздық мерейлігімен тәрбие тағлымын дарытқан тұлға болатын. Қазақстан Республикасының мұғалімдер съезінің, 1968 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаты болып сайланған, аудандық, облыстық, республикалық Кеңестердің  мақтау грамоталарымен және медальдарымен мараппатталған ұстаздың еңбек жолы үлгі мен өнегенің айнасы іспеттес.

Күш-жігерін, жүрек жылуын, білімін, біліктілігін  педагогикалық қызметіне арнаған ұстаз Қатша Оспанқызы Оспанованың білім саласындағы тынымсыз ізденісі, биік тұлғасы, ерен еңбегі - мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап жүрген жас жеткіншектер үшін тағылым мен тәрбиенің шамшырағы. Білім ордамызда қызмет етіп жүрген ұстаздар да, оқушылар да  Қатша Оспанқызы Оспанова есімін мақтан тұтады, бұл ұстаздың атына лайық болуды үлкен абырой деп санайды. «Өлмейтұғын артына із қалдырған...» ұстаз есімі  мәңгі жасай берсін!