Кіру

«Мектепке жол» акциясы

 

Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде 2013-14 оқу жылындағы  «Мектепке жол» акциясы бойынша өткізілген жұмыстар туралы

31

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырылды.

 

Акция осымен бес жыл қатарынан өткізілуде және әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие екендігі баршамызға мәлім. Ағымдағы жылы акция «Жақсылық жасауға асығыңдар» ұранымен өтті. Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде де  «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жүзеге асырылды. 

Жоспар бойынша көп балалы, аз қамтылған, толық емес, қамқорлықтағы балалары бар отбасыларына рейд жасалынды. Рейд барысында көмек қажет ететін отбасылары анықталып, ата-аналар тарапынан өтініштер түсті. 31 оқушыға көмек көрсетілді.  Жаппай оқыту қорынан және демеушілік арқасында барлық оқушылар киіммен, оқу құралдармен жабдықталды.

Жалпы көрсетілген көмектін баға саны –230 000 тенгеге жетті.                                     Оның бюджеттік қаражат есебінен 100 000 теңгені құраса, ұстаздар қауымынан 46 000 теңге көлемінде көмектер көрсетілді. Бұл акцияға өзгенің тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз үлестерін қаржылай да, заттай да көмек беріп отырған  жаны жомарт ағайларымыз бен апайларымыз да аз болған жоқ. Олар: Аудан әкімі Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы 34000 сомассына 2 сынып оқушысы Шарымбаев Әділге  және 4 сынып оқушысы Кумариденов Ернарға демеушілік көрсеткен.

Качир ауданының  білім бөлімінің бастығы Садвакасова Сауле Рашидқызы. 2 сынып оқушысы Тлеукенова Әдемауға  10 000 теңге сомасына көмек көрсетті  

2 сынып Едрешева Дианаға  демеушілік көрсеткен мектеп директоры Ж.Қ.Билялова  5000 тенге соммасына мектеп формасын, аяқ киім  алды.

Ардагер ұстаз Арынова Даметкен Қапарқызы. Жалпы баға саны – 5000 теңге. Аудандық «Тереңкөл тынысы» редакциясының директоры Е.А. Камзин  8 сынып оқушысы Дюсенгалиев Жантасқа 17 000 сомасына  көмек демеушілік көрсеткен.  

Мектеп әкімшілігі 11 000 теңгеге 4 сынып оқушысы

Мажирова Раушанға көмек көрсетті.

ІІБ бастығы Аманжолов  С.Х 6 сыныпоқушысы Уртакова Анеляға  7500 мыңға көмек көрсетті.

Халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы Аюпова С.Н 6 сынып оқушысы Буркутбаева Миленаға 5000 мың теңге сомасына көмек көрсетті