Кіру

Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңының орындалуы туралы ақпарат 2012-13 оқу жылы

Қазақстан Республикасының тіл  заңның орындалуы: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы, «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдану бағдарламасын», облыстық «Ана тілі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2012-2013 оқу жылында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Оқушылардың шығармашылықтарын дамыту» атты тақырыбы бойынша қызмет етті.

 

Осы тақырыпты жыл бойы 4 қазақ тілі мұғалімдері іске асырды.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

1. Жоғары білімді – 4 мұғалім /100%/;

2. І санатты -1 мұғалім /25% /;

3. ІІ санатты – 3 мұғалім / 75% /;

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мектептің тақырыбына сәйкес мақсаттары мен міндеттеріне байланысты өз алдына мынадай талаптар қойды:

1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты коммуникативтік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

2. Әр типті, жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақтарды жоспарлау;

3. Жағымды және жағымсыз жағдайларды еске алып, түзету жоспарын құрастыру.

Мұғалімдердің алдына қойылған талаптар сабақтардың жетілдіруі арқылы, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы, өз бетінен білім алу арқылы, сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы іске асырылды. Мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды ұйымдастыру жұмыстарының нәтиже көрсеткіштері:

1.Деңгейлік жіктемелі оқыту;

2. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету;

3. Шығармашылық семинарлардың жұмысына қатысу;

4 . Сыныптан тыс жұмыс жасау.

2012-2013 оқу жылында ӘБ-тің мұғалімдері 2 ашық сабақ өткізді, мектеп көлемінде өткен семинарлар мен педкеңестерге белсенді қатысты. Өткен оқу жылында кабинеттегі дидактикалық құралдар, әдістемелік әдебиеттер мен көрнекілік құралдар жүйеге келтіріліп, жинақталды.

Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясында мектепте балалар мектепішілік іс-шараларға қатысып, тілдерін дамытады.

Осы өткен оқу жылында мектеп оқушылары қазақ тілі мұғалімдерінің жетекшілігімен мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысты.

 Осы іс-шараларға сапалы дайындық жасайтын мұғалімдер – Мухаметкалиева СК,Алтаева Ж.Ж, Дүйсенбаева Ә.О. Мектепте бір қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті бар, меңгерушісі – мұғалім Ж.Алтаева.  Осы оқу жылында кабинеттің рәсімдеуі жаңа талаптарға сай өткізілді, кабинет құжаттары, дидактикалық құралдар бір түсті папкаларға салынып жүйеге келтірілді. Аудандық қазақ тілі кабинеттер сайысына қатысып, ІІ-орынды иеленді.Өткен оқужылында «Ана тілі» бағдарламасын іске асыру көлемінде барлық құжаттар бір тілде жүргізіледі. Ол педкеңестердің, директор қатысуымен өтетін жиналыстардың, әкімшілік жиналыстардың, ата-аналар жиналыстарының хаттамалары. Мектептегі стендтер, кабинеттер маңдайшалары, кабинеттердегі қабырға стендтері де бір тілде рәсімделеді. Қабылдау бөлмесінде іс қағаздарының үлгілері де бір тілде берілген.

Қазақ тілі және әдебиетінен оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелері

            ҚР «Тілдер туралы» заңның іске асырудағы бір саласы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасы. 2012-2013 оқу жылында 11 бастауыш сыныптар, 10 орта және жоғары буын сыныптары,            Бастауыш сыныптарда 11 мұғалім жұмыс істейді: -3-уі жоғары санатты мұғалімдер :Серикова А.А, Оңалхан Г, Нұрғалиева А.С..

1-4 сыныптарда 155 оқушының ішінен «үздік» деген бағаға 35 оқушы, «жақсы» деген бағаға 61 оқушы жылды аяқтады. Білім сапасы – 62%, үлгерімі – 100%. Бастауыш сыныптар ішінен ең жоғары білім сапасы 1а,2а,3а сыныбы –83%,   Өткен 2011-2012  оқу жылының нәтижелерімен салыстырғанда 1-4 сыныптар бойынша білім сапасы    0, 5 % жоғарылады.

 5-11 сыныптар бойынша 174 оқушының ішінен «үздік» деген бағаға 20 оқушы, «жақсы» деген бағаға 41 оқушы жылды аяқтады. Білім сапасы – 35%, үлгерімі-100%. Осы сыныптар ішінен ең жоғары білім сапасы 6а-сыныбы –52%, Ең төмен білім сапасы: 7«ә» сыныбы-42%, Осы сыныптаа білім сапасының төмендігінің себептері: 

1. Оқушылардың сабаққа деген дайындығы нашар;

2. Ата-аналардың бақылауы төмен;

3. Сабақтар дәстүрлі түрде өтеді.

   Аудандық   пәндер  олимпиадасына  тілдер  бойынша  9  оқушы  қатысып, 8- жүлделі орындарға ие болды. Қазақ  тілінен 4 оқушы  қатысып, 2 оқушы Кошак Әсемгүл, Бахитова Дина  І-орын, 2-орынды Жұрағат Қырғауыл, 3-орынды  Ерболқызы  Айзере.

Ағылшын  тілінен 2 оқушы  қатысып,    Жаябаева  Салтанат жүлделі  ІІ-орынға  ие болды. орыс  тілінен 3 оқушы  қатысып, 3-уі де  жүлделі 3-орын алды.

Қазақстан  халықтары  тілдер  мерекесінің  мерекелік  онкүндік  қыркүйек  айының 20-30-ы аралығында  өтті. 5-7 сыныптар арасында  өткен  шығармалар  сайысына 5ә,7ә белсене қатысты.

5-11 сыныптар  арасында  өткен «Тіл   достық  кілті» газеттер  сайысына  5а, 6а,5ә белсене  ат  салысты.

«Жүректен  шыққан әуендердің үні өшпейді»  атты облыстық шығармалар байқауында қазақ тілінде  4а- сынып оқушысы Мухаметжанова Л, 6ә- сынып оқушысы Котельников Максим І орынды иеленді.

«Тіл-барлық  білімнің  кілті»  атты  орыс  тілі  білгірлерінің  облыстық  байқауына   мектебімізден   үнемі  оқушылар   үзбей  қатысуда. Оның  дәлелі 11-сынып  оқушысы    Бахитова Дина  қатысып  номинант аталды. 

Пәндер бойынша көрсеткіштер.

Пән

2010-2011

2011-2012

 

Үлгерім

Білім сапасы

Үлгерім

Білім сапасы

үлгерім

Сапа

Қазақ тілі

100

73

98%

60

100%         

64

Қазақ әдебиеті

100

80

100%

68,4

100%         

70

                                     

 ДО: Жұмабекова Ж.С