Кіру

"Бейбітшілік әлемі»"атты ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылдың 3 наурыз күні Семей қаласында Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

700

701

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел, Қазақстаным!» құнды ғылыми жобалар мен баяндамалар оқылды. Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің атынан 3 ғылыми жоба қатысты. Дайындаған ғылыми жобаларымыз І жүлделіорындарға ие болды. Математика пәнінен ҚалиқайдарБахтияр І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды, ғылыми жетекшісі Жумабекова Жанар Сериковна, Ағылшын тілі пәнінен Сағындық Еділ І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды, ғылыми жетекшісі Рыспекова Қызғалдақ Талғатқызы және біздің бастауыш сыныбынан қатысқан КәкімАдия І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды, ғылыми жетекшісі Оналхан Гульмай.Оған қоса, біздің мұғалімдеріміз Жумабекова Жанар Сериковна мен Оналхан Гульмай Халықаралық Бірлестігінің атынан Алғыс хаттармен, төcбелгілермен марапатталды. Біздің оқушыларымыз керемет әсер алды. Әділ-қазылардың ішінде «Бейбітшілік әлемі» президенті, Халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің генерал-майоры, Қазақстан және Еуразия Жазушылар Одақтарының мүшесі, Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Ә.А.Нұрманов қатысты

.