Кіру

Мектеп туралы

 

Мектеп тарихы –білім белесі

 

Қашыр қазақ орта мектебі ірге тасы 1942 жылы қаланды. Сол жылдары мектеп директорының қызметін Н.А. Нығметжанов  атқарды.

 

         1964 жылы қазақ орта мектебі мен орыс сегіз жылдық мектебі қосылып, аралас мектепке айналды.Осы жылдары қызмет жасаған мұғалімдер Ш.Ш.Әділбаева, Қ.Б.Батырханов, Ж.А.Ахметов, А.С.Текенов, Қ.А.Темірбекова, М.М. Темірбеков, М.Ә. Әлжанов, С.О.Сұлтанов және тағы басқалар.

 

         1969 жылы Қашыр №2 мектебі ашылды. Осы мектепте қазақ сыныптарына қызмет жасаған мұғалімдер: С.Шектібай, М.С.Көпішева, Б.З.Зағитов.

 

         2001 жылы жылы тамыздың 9-ында облыс акиматының қаулысымен Қашыр ауданының №3 жалпы білім беретін орта мектебі ашылды.

 

         2001-2003 жылдар аралығында Исмаилова Құсна Исемғалиқызы директор қызметін атқарды.

 

         2003 жылдан 2010жыл аралығында Алтаев Қайрат Рамазанұлы директор болды.

 

2010 жылдан 2012 жыл аралығында мектеп директор қызметін Балташева Зару Тақанқызы атқарды.

 

2012 жылдың қыркүйек 2015жыл аралығында   мектеп директоры қызметін Билялова Жайнат Қалиқайдарқызы  атқарды.

 

2015 жылы наурыз айынан бастап 2017 жыл тамыз айына дейін  Касимова Жаннат Төлеубайқызы мектеп директоры  болды.

 

2017 жылы қыркүйек айынан бастап Ахметжанова Гулнара Мұсақызы мектеп директоры  болып қызмет атқарады.

2009 жылы Тереңкөл  ауылының орта мектебі жаңа ғимратқа көшті. Мектептің жобалық қуаттылығы 420 орындыққа арналған.

 

Мектептің материалдық оқу базасында: 20 оқу кабинеті, дене шынықтыру залы, мәжіліс залы (270 орынға арналған), 170 орындықты асхана, кітапхана, 4 кабинеттен тұратын медициналық блок, соның ішінде стоматология, емшара, екпе және физотерапия кабинеттері, мультимедия кабинеті, темір және ағаш, мата өңдейтін шеберханалар жұмыс істейді.

 

Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің паспорты

1. Білім беру мекемесінің заңды құжаттарға сәйкес атауы «Тереңкөл ауылы Қ.Оспанова атындағы №3  жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

2. Мектеп директоры – Ахметжанова Гулнара Мұсақызы

3. Мекеменің мекен-жайы: Качир ауданы,Тереңкөл ауылы пошталық индексі: 140600, Тәуелсіздік  көшесі, 115

4. Электрондық поштасы:  kashirsosh3@ mail. ru     Факс:  8(718)33-22-1-67  

5. Телефондары:

 Қабылдау бөлмесі   8(718)33-22-1-67

Директор: 8(718)33-22-5-96

Бухгалтерия: 8(718)33-23-4-92

Вахта: 8(718)33-23-6-40

Сенім телефоны: (whatsapp) +77751351868

Білім бөлімінің шұғыл байланыс телефоны: 8(718)33 24-8-09

6. Ашылған жылы - 2009 жыл,

7. Соңғы аттестаттаудан өткен жылы –  2016

8. «Инновациялық» статустың берілген жылы – жоқ

9. Инновацияның бағыты – жоқ

10. Арнайы сыныптар – 20 сынып (гимназиялық),  ағылшын тілін тереңдетіп оқыту

11. Меншіктік түрі –Мемлекеттік 

12. Білім беру қызметіне берілген лицензия: №2003 жыл

13. Жалпы ауданы - 9969,0 м2

14. Жобалық сыйымдылығы - 420 оқушы

15. Оқушы саны -  377 оқушы

16. Сынып топтамасының саны -24.

17. Шағын орталық: «Балапан» 2010 жылы 10 желтоқсан күні ашылды.

Бала саны – 25 бүлдіршін

Топтың саны – 1