«Темекі шегу әлде денсаулық?! Таңдау сізде...» атты өткен интелектуалдық сайыс
Оқушыларды салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көз қарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көз қарастарын қалыптастыру.
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 7-8 сыныптар арасында қаңтар айында интелектуалдық сайыс өткізілді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отыр. Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін.
«Әке, ана және мен –спорттық отбасы» атты спорттық іс-шара
«Әке, ана және мен –спорттық отбасы» атты спорттық іс-шара
Салауатты өмір салтынының қараша айының жоспары бойынша 2017 жылдың 16 қарашасында «Әке, ана және мен –спорттық отбасы» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс 1-2 сынып ата-аналары мен балалары арасында өткізілді. Сайысқа 4 отбасы қатысты.
Топтар өздерін таныстырып, ұранын айтты. Жалпы олар «Қыран», «Бүркіт», «Барыс», «Тұлпар» топтары.
Сайыс 8 кезеңнен тұрды. Әр кезең қызықты әрі тартысты өтті. Әділқазылар кезең сайын бағалап, ұпай санын көрсетіп отырды. Сайыс қорытындысы бойынша белсенді қатысқан отбасы «Қыран» тобы болды. 3 орынға ие болған «Бүркіт» тобы, 2-орынға ие болған «Барыс» тобы, 1-орынға ие болған «Тұлпар» тобы. Әр отбасыға диплом және сыйлықтар табысталды.