Математика, физика, информатика апталығы
Математика, физика және информатика пәндер апталығының іс-шаралар қортындысы бойынша 10 наурыз күні жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
8 наурыз құтты болсын
Құрметті арулар, ардақты аналар, қыздар,
қаракөз қарындастар!
Сіздерді жігіттер ұжымының атынан жыл мезгілінің ең
көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі –
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен
шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен
өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі
шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке
тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында
атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен
биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
"Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы", – дегендей,
дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген
мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың
аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің
арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызы-
ғын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен
қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған
тілетерімізді білдіреміз.
Игі тілекпен: Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы
8 наурыз
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы
Мектепте 1 наурыздан бастап, жоспар құрылды. Жоспар мынандай іс-шараларды қамтыды:
1. 1-4 сынып аралығында«Ана өмірдің шуағы» суреттер байқауы
2. 5-9 сыныптар арасында «Айналайын, Ана мерекеңізбен!» газеттер байқауы
3. 5-7 сынып арасында «Ақ жарқын, жан анам» мәнерлеп оқу сайысы
4. 8-10 сынып аралығында «Алтын кірпік, ай қабақты арулар» қыз сыны
5. 1-4 сыныптар бойынша «Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз» атты аналарға арналған таңертеңгілік.
6. 5-11 сыныптар бойынша «Сіздер Ана, Сіздер Арулар, Сіздер Қыздар» атты мерекелік кеш.
2014 жылғы 6 наурыз күні «Сіздер Ана, Сіздер Арулар, Сіздер Қыздар» атты қорытынды концерт ұйымдастырылды. Концертке мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналар мен ардагер ұстаздар қатысты.Қорытынды мерекелік концерттің шымылдығын құттықтау сөзбен мектеп директоры Ж.Қ Билялова ашты.
Мектеп оқушылары ана туралы әндерді шырқап, мың бұралып би билеп, тақпақтарды жатқа айтты.
Аудандық форум
2014 жылғы 4 наурыз күні Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде оқушылар ұйымының ұйымдастырумен аудандық форум өткізілді. Мектептің Жас Ұландары белсенді қатысты.
Қыз сыны
«Алтын кірпік, ай қабақты арулар» қыз сыны
2014 жылғы 4 наурыз күні 8 наурыз мерекесіне орай арнайы жоспар бойынша «Алтын кірпік, ай қабақты арулар» атты қыз сыны өткізілді.
Байқаудың шарттары осындай болды:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
2 .«Қыз еркем – кестесімен көркем»
3 .«Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
4 .«Өнер»
5 .«Сұлулық сыры»
6 .«Зерделінің ойы озық»
Әр сайыскер өзін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды:
І орын Ерболқызы Айзере - 8 «а» сынып оқушысы
ІІ орын Аманжолова Айгерим – 10 «ә» сынып оқушысы
ІІІ орын Уралова Гульзада – 9 «а» сынып оқушысы