«Денсаулық күніне» өткен спорттық іс-шара
2017 жылдың қыркүйектің 9 күні өткен «Денсаулық күні» аясында спорт нұсқаушы мен дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Денің сау болсын, Қазақстандық!» ұранымен спорттық іс - шара өткізілді. Іс-шараның өтуіне мектеп ұжымы түгелдей ат салысты. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, 9 сынып қыздарының бастауымен флешмобта жалғасын тапты. Флешмобқа мектептің барлық оқушылары қатысты. Мектеп әкімшілігі «Денсаулық күніне» қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
«Денсаулық күні» мектеп мұғалімдері мен оқушылар табиғат аясында ауылымыздың шалғай алаңына барып қайтты. Мектептің бірінші сынып оқушылары үшін мектептің спорт алаңында түрлі спорттық эстафеталар мен ойындар ойнап, таза ауада отырып қайтты. Табиғат аясында 2 – 11 сынып оқушылары ас ішіп, дене шынықтыру мұғалімдері көңілді жарыстар өткізді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет
Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік
компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз.
Толығырақ: Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет
Конкурс туралы хабарландыру қыркүйек 2017
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Конкурс туралы хабарландыру
Качир ауданы Теренколь ауылының Қатшы Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебі Теренколь ауылы Тәуелсіздік көшесі 115 үй
8718-33-23-492 8718-33-22-596 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекенжайлары )
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет: Аз камтамасыз етілген жанұя және көп балалы жанұя балаларын , жетім , ата-анасынын қамқорынсыз калған балаларды, туб виражды, тубинфекциаланған балаларды 86 (сексен алты) бала күніне бір рет ыстық тамақ небәрі 1 419 000 (Бір миллион төрт жүз он тоғыз мың) тенге және ата-анасынын төлемі бойынша тамақтандыру 287 оқушы (екі жүз сексен жеті) бір рет ыстық тамақ 250 (екі жүз елу) тенге.
(қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар
санаттарының толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі)
көрсетілуі тиіс.
Қызметті көрсету мерзімі 2 қазаннан 31 желтоқсан аралығында 2017 жыл.
Білім күні - 2017
Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беру мектебінде
Білім күніне арналған өткізілген салтанатты жиын
Жаңа оқу жылына қадам басарда Қазақстан Республикасының Конституция күні аясында Қазақстан Республикасының рәміздері биіктен шарықтауы алғашқы оқу жылының тақырыбына сай келіп отыр. Қ. Оспанова атындағы №3 ОМ барлығымыз да сағынышпен күткен білім күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді.
Білім күніне арналған шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Н. Едрешева, педагогика саласының ардагерлері және ата – аналар қатысты. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде барша оқушы қауым алтын ұя мектебімізге қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге өз есігін ашты. Бірінші сынып оқушыларын білім әлеміне апаратын ұстаздар М.Е. Капезова мен А.О. Садыкова. Қадамдарың құтты болсын, бүлдіршіндер!
Қ.Н. Едрешева салтанатты түрде бүлдіршіндерді құттықтап, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын табыстады. Бірінші сынып оқушыларының ата – аналары атынан Г. Каиржанова жылы лебізін білдіріп, мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп оқушылары Дүкенбай Ясмин, қыздар би тобы, «Алау» триосы және 1 сынып оқушылары өздерінің өнерлерімен қонақтарды қуантты.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі мектебімізден биыл түлеп ұшатын Қалияшев Қалижан мен Альжанова Алинаға және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге берілді. Білім күніне арналған салтанатты жиын 2017 – 2018 оқу жылының «Мен өз Отанымның патриотымын» атты алғашқы сабағымен жалғасты. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
Шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуы
9 қаңтар күні облыс әкімінің бұйрығы бойынша облыстың барлық аймақтарында Шахмат үйірмесі ашылды. Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі үшін бұл күні шекте қалған жоқ. Бүгінгі әлемде орын алған шахмат ойыны жөнінде білмейтін адам кем де кем. Шахмат үйірмесі бастауыш 2-3 сынып оқушылары үшін өз есігін ашты. Үйірменің негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық қабілетін, ой – санасын жетілдіру болып табылады.
Аталған іс – шараның қонақтары: білім беру бөлімінің басшысы
Ж.Билялова, педагогика саласының ардагерлері М. Шарипов,
Р. Матаева болды. Қонақтар оқушыларға өз жылы лебізін білдіріп, М.Ш. Шарипов оқушыларға шахмат ойынының қыр – сырларын көрсетті. Үйірме жетекшісі информатика пән мұғалімі Ж. Түгелбай тағайындалды.