«Келешекке МИФ пен бірге»
Қазан айының 19-нен 24-не дейін мектепте «Келешекке МИФ пен бірге» апталық өткізілді. Апталық оқушылардың салтанатты сапқа тізілуінен басталып, оларға « МИФ - қызықты әлем» тақырыбына газеттер, сөзжұмбақтар, ребустар, сканвордтар дайындауға тапсырмалар берілді.
Барлық 5-10 сынып оқушылары апталық аясында жүргізілген іс-шараларға белсенді қатысты.
Апталық өте қызықты, тартымды, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін дұрыс ұйымдастырылды. Әр пән қызықты сайыстарымен ерекшеленді және қабырға газеттері шығарылып, қатысқан үздік сыныптар құрмет грамоталарымен және мұғалімдер ұйымдастырған сыйлықтармен марапатталды.
2015- 2016 оқу жылы І- сессия Ресурстық орталық туралы АҚПАРАТ
2015 жылы 12,13,14 қазан айында РО бастапқы сессиясы өтті. Тірек мектебіне 14 оқушы келіп оқыды.
Төмендегі кестеде биылғы жылғы оқушылар саны:
Мектеп Оқушы саны |
№ 3 мектеп |
Тегістік ОМ |
Березовка ОМ |
Трофимовка ОМ |
Жалпы оқушылар саны |
10 сынып |
17 |
0 |
2 |
5 |
24 |
11 сынып |
24 |
3 |
1 |
3 |
31 |
Барлығы |
55 |
Трофимовка, Березовка, Тегістік орта мектебінен келген 10-11 сынып оқушыларын жас мамандар Рыспеков С.К, Амиркашев Б.М ауданның таңдаулы жерлеріне : аудандық кітапханаға, Нұр Отанға, жағажайға, аудандық мәдениет үйіне, даңқ аллеясына экскурссия ұйымдастырып, таныстырды.
жалғасы2015- 2016 оқу жылы І- сессия Ресурстық орталық туралы АҚПАРАТ
Тіс дәрігері
2015 жылдың 15 қазанында Павлодар қаласынан ауданымызға тіс дәрігерлері келіп, оқушылармен мектебіміздің мәжіліс залында кездесті. Оқушыларға тісті қалай күту керектігін түсіндіріп, артынан видеороликтер көрсетті.
Кездесу соңында оқушылардың тістерін емдеп және оларға арнайы әкелген кішігірім сыйлықтарын тарту етті.
"Мейірім" күні
2015 жылдың 12 қазанында мектепте 2 «а» және 4 «ә» сыныптарында психологтар мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мейірім» күні өткізілді. Жоспар бойынша іс – шарада көңілді ойындар, қозғалмалы жаттығулар жүргізілді. Барлық балалар белсенді қатысып отырды. Өткізілген іс – шаралар шаттық шеңберден бастап ойындар, жаттығулар, тренингтер, қозғалмалы билермен жалғастырып, балалардың ойынан шыға білдік.
Балаларға директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жылы лебізін білдіріп, мектеп әкімшілігі тарапынан шағын сыйлықтар табыс етті.
«Ізденіс» шығармашылық топ
Қ.Оспанова атындағы Качир №3 жалпы білім беретін орта мектебінің
«Ізденіс» шығармашылық топ апталығына арналған іс-шаралар жоспары